Алматыда өтетін турнирде ресейлік бұрымды файтер өнер көрсетеді

Алматыда өтетін турнирде ресейлік бұрымды файтер өнер көрсетеді

17 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 58 турниріне қатысатын кезекті жұп анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің әйелдер жекпе-жегінде ресейлік Александра Савичева (5-1) мен грузиялық София Багишвили (10-4) кездеседі. 

Айта кетейік, Савичева бұған дейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында өткізіп, қазақстандық Анастасия Дюжикованы (7-3) жеңген болатын.

Ал Багишвили кейінгі кездесуін Brave CF 81 турнирінде өткізіп, бірінші раундта словениялық Моника Кучиничтен (4-2) жеңіліп қалды.

Кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы чемпион Кәрім Рузбакиев (9-2) Константин Меркуловпен (5-3) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 57 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или