Айымбетовтің командасы өз алаңында «Галатасарайдан» жеңіліп қалды

Айымбетовтің командасы өз алаңында «Галатасарайдан» жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Түркия чемпионатының 34-тур ойыны өтіп, онда «Адана Демирспор» өз алаңында Стамбулдың «Галатасарай» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аданадағы «Жаңа Адана» стадионында өткен кездесуде 3:0 есебімен «Галатасарай» жеңіске жетті.

Гол соққандар: Хаким Зиеш (53), Керем Демирбей (64), Икарди Мауро (90+1).

Қазақстан құрамасы мен «Адана Демирспордың» шабуылшысы Абат Айымбетов алаңға 85 минутта шықты.

«Галатасарай» 93 ұпаймен Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. «Адана Демирспор» 41 ұпай жинап, 11-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер