Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Тимофей Скатов (271 ATP) матч өткізбей-ақ Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясының турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда қазақстандық Зденек Коларға (225 ATP) қарсы ойнауы керек еді, бірақ чех жарақатына байланысты кездесуге қатыса алмады.
Жартылай финалда Тимофей неміс Генри Сквайермен кездеседі. Ойын ертең, 27 сәуірге жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или