ММА

Конор Макгрегордың келесі жекпе-жегі жарияланды

Конор Макгрегордың келесі жекпе-жегі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

UFC лигасы екі салмақ дәрежесі бойынша ұйымның бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор (22-6) мен америкалық Майкл Чандлер (23-8) UFC 303 турнирі аясында жекпе-жек өткізетінін ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек жартылай орта салмақ дәрежесінде (77 келі) 29 маусымда өтеді.

Конор МакГрегор 35 жаста. Ирландиялық 2013 жылы әлемдегі ең беделді ұйымда дебют жасап, 2015 жылы желтоқсанда бразилиялық Жосе Альдоны нокаутқа түсіріп, жартылай жеңіл салмақта (65 келіге дейін) чемпион атанды. Ал 2016 жылы қарашада МакГрегор америкалық Эдди Альваресті жеңіп, жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) титулға ие болды.

Майкл Чандлер 38 жаста. Америкалық жеңіл салмақтағы бұрынғы Bellator чемпионы. Ол UFC-де 2021 жылы дебют жасады және мамыр айында титул үшін жекпе-жек өткізіп, бразилиялық Чарльз Оливейрадан жеңіліп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер