Қазақстан құрамасының хоккейшілері Гагарин кубогының жеңімпазы атанды
Магнитогорскілік «Металлург» сәрсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) финалдық плей-офф сериясының төртінші матчында ярославльдік «Локомотивті» 1:2 есебімен жеңіп, Гагарин кубогының иесі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңімпаздар қатарында Денис Зернов (39-минут) пен Игорь Гераскин (51-минут) гол соқты. Жеңілген командадан Ярослав Лихачев (8) мергендік танытты.
Төрт жеңіске дейінгі сериядағы есеп - 4-0! «Металлург» пайдасына шешілді.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис «Металлург» сапында өнер көрсетеді. Қазақстандық қорғаушы Валерий Орехов Магнитогорск клубының қорғаныс шебінде ойнайды. Сондай ақ, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Мұхаметов те чемпион команданың қатарында чемпион атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или