ММА

«Ресми мәлімдемені күтіп отырмыз». Әліби Ыдырыс келесі қарсыласын атады

«Ресми мәлімдемені күтіп отырмыз». Әліби Ыдырыс келесі қарсыласын атады
news-banner7
mobile-news-top

Болашағы зор қазақстандық ММА файтерлерінің бірі Әліби Ыдырыс Prosports.kz тілшісіне келесі қарсыласы және панкратионнан ел чемпионатына қатысуы туралы айтып берді.

«Қарсыласым – Яго Рибейро. Бір ай бұрын келісімін берді, енді ресми мәлімдемені күтіп отырмыз. Соған дайындалып жатырмыз.

Панкратионнан Қазақстан чемпионатында өнер көрсеттім. 62 келіде бірінші орын алдым. Іріктеуден өтіп, әлем чемпионатына жолдама алдық. Ол қазан немесе қарашада, жылдың соңында өтетін шығар. Бұл жолы қатысушылар көп болды – 38 адам, финалға дейін бес жекпе-жек өткіздім. Онда атақты ММА файтерлері өнер көрсетті ме? Онда бәрі болды деп айтуға болады. Мұратбек Қасымбай, Жасұлан Әкімжан, Имран Тайсұлтанов, Әли Қабдолла, Бағдат Жұбаныш, Дастан Амангелді, Дәурен Ермеков, Гойти Дазаев... Көбі сонда болды. Біздің салмақта Талғат Жұмағалиев сынға түсті. Екеуміз финалға шықтық. Қалғанын жақсы танымаймын - әуесқойлар арасында өнер көрсететін шығар», - деді файтер.

2023 жылы 21 желтоқсанда өткізген кейінгі жекпе-жегінде Ыдырыс (9-0) Naiza FC 56 турнирінде бірінші раундта бразилиялық Эриссон Феррейраны (13-6) нокаутқа түсірген болатын.

18 мамырда Алматыда АМС Fight Nights пен Naiza FC бірлесіп ұйымдастыратын турнирде Әлібидің қарсыласы бразилиялық Яго Рибейро (12-3) болуы мүмкін. Рибейро 2023 жылы 6 желтоқсанда көзіне ота жасатуына байланысты Жалғас Жұмағұловқа қарсы жекпе-жектен бас тартқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер