Қазақстандық ММА жұлдызы NAIZA мен Fight Nights ұйымдастыратын турнирге қатысады
Қазақстандық Әліби Ыдырыс NAIZA мен Fight Nights ұйымдастыратын турнирге қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық NAIZA промоушені Әліби Ыдырыс (9-0) Fight Nights-пен бірлескен турнирге қатысушылардың бірі болатынын хабарлады. Қарсыластың аты-жөні әлі жарияланған жоқ, жақын арада белгілі болады.
Турнирдің өзі 18 мамырда Алматыда өтеді. Кештің басты кездесуінде әзербайжандық Нариман Аббасов (29-5) пен қазақстандық Фанил Рафиков (22-7) жеңіл салмақтағы титулды сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или