Қазақстандық файтердің нокауты кештің үздігі атанды
OCTAGON 57 турнирінде қазақстандық Ерасыл Шұқатаевтың (11-4) нокауты кештің үздігі деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыда өткен шарада қазақстандық файтер қытайлық Линци Конгвуды (7-2) нокаутқа түсірді.
Осылайша, Шұқатаев мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Оның үшеуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, OCTAGON 57 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айтқұл (7-2) өнер көрсетті.
Келесі OCTAGON 58 турнирі 17 мамырда Алматыда өтеді. Кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы чемпион Кәрім Рузбакиев (9-2) Константин Меркуловпен (5-3) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 57 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или