Қазақстандық файтер ACA 174 турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық ММА файтері Георгий Кичигин Санкт-Петербургте өткен ASA 174 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық жартылай орта салмақта ресейлік файтер Денис Измоденовке қарсы жекпе-жек өткізді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді.
Айта кетейік, бұған дейін 35 жастағы қазақстандық спортшы AMC Fight Nights промоушенінің чемпионы болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или