ММА

5 жылдан астам жекпе-жек өткізбеген файтер Қазақстанға алғашқы жеңіс сыйлады. Видео

5 жылдан астам жекпе-жек өткізбеген файтер Қазақстанға алғашқы жеңіс сыйлады. Видео
news-banner7
mobile-news-top

OCTAGON 57 ивенті аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы кездесудің алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақта қытайлық этникалық қазақ Ұлан Батырәлі (4-3-1) октагонда Олжас Нұрқасыммен (2-2) кездесті.

Бірінші раунд жанкүйерлерді жалықтырмай, ашық және тең дәрежеде өтті. Екінші бес минутта Нұрқасым мықтырақ көрініп, қарсыласына соққылар сериясын жасады. Үшінші раундта да қазақстандық спортшы басым болып, жеңіске жетті.

Еске салайық, турнирдің басты кардында жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуге басты үміткер өзбек нокаутшысы Шохасан Мирзаматов (11-3) сегізбұрышқа оралады, оның қарсыласы ирандық Фарзад Гадери (16-13) болады.

Ивент ко-мейнінде аса жеңіл салмақтағы экс-чемпион «Қазақ Сехудосы» Дамир Төленов (11-1) қытайлық тәжірибелі файтер Бухуогубумен (5-3) күш сынасады. Кештің басты кездесуінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айтқұл (7-1) қытайлық Кингхе Жангпен (12-6) кім мықтыны анықтайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 57 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер