ММА

OCTAGON 57 турнирінің тікелей трансляциясы: Қазақстан мен Қытай текетіресі

OCTAGON 57 турнирінің тікелей трансляциясы: Қазақстан мен Қытай текетіресі
news-banner7
mobile-news-top

19 сәуірде Алматыда Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы ұйымдастыратын OCTAGON 57 кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің файткардында ымырасыз 13 жекпе-жек болады, оған Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Бразилия, Үндістан және Иран файтерлері қатысады.

Қазақстан мен Қытай командалары арасында кездесу болады, ол төрт жекпе-жектен тұрады.

Прелим бағдарламасында қытайлық қазақ Айжарық Ақынбек (20-22-1) пен өзбекстандық «Қоқан арыстаны» Амирхон Алихуджаев (9-4) күш сынасады.

Турнирдің басты кардында жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуге басты үміткер өзбек нокаутшысы Шохасан Мирзаматов (11-3) сегізбұрышқа оралады, оның қарсыласы ирандық Фарзад Гадери (16-13) болады.

Ивент ко-мейнінде аса жеңіл салмақтағы экс-чемпион «Қазақ Сехудосы» Дамир Төленов (11-1) қытайлық тәжірибелі файтер Бухуогубумен (5-3) күш сынасады. Кештің басты кездесуінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айтқұл (7-1) қытайлық Кингхе Жангпен (12-6) кім мықтыны анықтайды.

Турнирдің файткарды осындай.

Турнир алдында файтерлер салмақ өлшеп, көз арбасты:

Турнирдің тікелей трансляциясы 18:00-де басталады, жекпе-жектерді OCTAGON TV ютуб-арнасынан көруге болады.

OCTAGON 57 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 57 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер