Хоккей

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына аттанды

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына аттанды
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасы әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізу үшін Финляндияға ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бапкерлер әлем біріншілігіне қатысатын команданың кеңейтілген құрамын жариялады.

Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев, Данил Лыткин, Абылайхан Толеубай

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Мстислав Шипилин, Артем Шарапов, Раты Дурглишвили, Тамерлан Манажанов, Марат Сағымбаев, Святослав Евплов, Дамир Бритиков;

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Асанәлі Саркенов, Виталий Божко, Тимофей Симонов, Данил Дронов, Алексей Трегубов, Карим Қажыбеков, Аристарх Киреев, Альмир Оразбаев, Александр Перкин, Әлішер Саркенов, Артур Глухих, Корней Корнеев, Семен Черкасов.

Бас бапкер: Георгий Верещагин

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Финляндияда өтеді.

Қазақстан командасы В тобында Канада, Швеция, Швейцария мен Чехияға қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер