Ақтөбелік файтер Шавкат Рахмановтың менеджерімен келісімшартқа отырды
Naiza лигасының жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Нұрбек Қабдрахманов Rubyse басқарушы компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Rubyse компаниясының өкілі – қазақстандық MMA-менеджер Саят Абдрахманов. Ол – Шавкат Рахмонов, Арман Царукян, Петр Ян, Рафаэль Физиев және тағы басқа да аралас жекпе-жек шеберлерінің менеджері. Нұрбек Қабдрахманов соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында Naiza FC 55 турнирінде жекпе-жекке шыққан еді. Оның қарсыласы ресейлік файтер Мухаммед Эминов болды.
Кездесу бес раундқа жоспарланғанымен, Қабдрахманов үшінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, жеңіл салмақта Naiza лигасының чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или