«Мен қазақ халқының ұлымын». Қытайлық файтер Қазақстандағы дебюті алдында жүрекжарды лебізін білдірді
OCTAGON 57 шарасы аясында этникалық қазақ, бірақ Қытайдың атынан шығып жүрген аралас жекпе-жек өкілі Ұлан Батырәлі (4-3-1) жекпе-жек алдында бейне үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
«Ассаламу алейкум, Қазақстан. Мен, қазақтың ұлы, Ұлан Батырәлі. Құдай қаласа, 19 сәуірде Алматыда турнир өтеді. Бұл менің Қазақстандағы алғашқы турнирім болмақ. Қарсыласқа тек құрмет көрсетемін. Біз лайықты шайқастың куәсі етеміз. Бар өнерімді көрсетуге тырысамын. Сіздерді 19 сәуір күні Балуан Шолақ аренаға шақырамын. Қазақ батырларын қолдауға шақырамын», - деді файтер.
Батырәлінің қарсыласы қазақстандық файтер Олжас Нұрқасым (2-2) болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или