Шавкат Рахмонов UFC жаңартылған рейтингіндегі орнын білді
Ultimate Fighting Championship (UFC) салмақ дәрежелері бойынша промоушеннің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік Арман Царукян жеңіл салмақ рейтингінде 4-орыннан 1-орынға көтерілді. Өткен демалыс күндері Царукян UFC 300 турнирінде бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңді.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орнын сақтап қалды. Рейтингтің көшбасшысы Камару Усман, одан кейін Белал Мұхаммад тұр.
Бұл салмақтағы UFC чемпионы - Леон Эдвардс.
UFC рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан ресейлік файтер Ислам Махачев көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или