Чендлер Макгрегормен алдағы жекпе-жегі жайында пікірін айтты
Америкалық файтер Майкл Чендлер UFC 303 турнирінде Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізетініне қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-Экспресс» сайтына сілтеме жасап.
«Ресми. Осы сапарда менімен бірге болған барша жанға рақмет. Жұмысқа кірісетін сәт келді. 77 күн! Алға жылжимыз!» — деп жазды Чендлер әлеуметтік желіде.
UFC 303 турнирі 29 маусымда Парадайста «Ти-Мобайл Аренада» өтеді. Бұл жайында UFC басшысы Дана Уайт хабарлаған болатын..
Бұған дейін Макгрегор жекпе-жек ұйымдастырмай жүрген UFC-ді сынаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или