Мовсар Евлоевтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Ресейлік жеңіліп көрмеген UFC файтері Мовсар Евлоев америкалық промоушендегі келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Евлоев октагонға кейінгі рет қаңтарда шыққан болатын. Ол кезде британиялық файтер Арнольд Алленді төрешілер шешімімен жеңген.
«UFC 303, 29 маусым. Маған титул үшін күресуге мүмкіндік беретін кез келген адамды жеңуге дайынмын», - деп жазды Мовсар әлеуметтік желіде.
Мовсар Евлоев ММА бойынша 18 жекпе-жек өткізіп, 18 жеңіске жеткен. Ол жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде 5-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или