русский язык
Теннис

«Билли Джин Кинг кубогы»: Жапония - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы. Екінші күн

«Билли Джин Кинг кубогы»: Жапония - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы. Екінші күн

13 сәуірде теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Токиода Билли Жан Кинг кубогында Жапония құрамасымен кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы бірінші ойын күнінен кейін Жапония құрамасынан жеңіліп қалды – 0:2.

Алғашқы ойында Анна Данилина Нао Хибинодан 1:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды. Екінші Юлия Путинцева мен Наоми Осака кездесті. Жапониялықтар 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

13 сәуірде Юлия Путинцева - Нао Хибино, Анна Данилина - Наоми Осака және жұптық сында Анна Данилина / Жібек Құламбаева - Сюко Аояма / Эна Сибахара кездеседі. Ойындар сенбі күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 9:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;