«Жақындарыңмен қоштас». Бразилиялық файтер қарсыласына сес көрсетті
Жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы OCTAGON чемпионы Шермұрат Қалиловтың (7-0) қарсыласы бразилиялық Веллингтон Перейра (8-6) Алматыдағы O57 турнирі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz
«Пантера, дұрыс уақыт таңдамадыңыз. Отбасыңмен, достарыңмен қоштас, 19 сәуірде мен сені аямыймын. Сен үшін қиын болады, OCTAGON чемпионы болу үшін келдім, шайқасқа дайынмын», - деді бразилиялық.
Қалилов Қырғызстан тумасы, бірақ Астанада тұрып жатқанына көп болды, ол Takhtay Team спорт залында жаттығады. Осыған байланысты файтер октагонға екі жалаушамен кіреді.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айтқұл (7-1) қытайлық Цинхэ Чжанмен (12-6) кездеседі. Негізгі жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Дамир «Қазақ сехудосы» Төленов (11-1) Қытай өкілі Бухуогубумен (5-3) кездеседі.
OCTAGON 57 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі