Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы маңызды жаңалық жариялады
![Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы маңызды жаңалық жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/203991_52a1540720ad2e0506ba63f9ff31e332.jpg?v=28700701)
Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек боксшысы Асу Алмабаев Instagram желісіндегі парақшасында UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Уақыты, күні және орны белгілі», - деп жазды қазақстандық файтер әлеуметтік желідегі парақшасының «сторис» бөлімінде.
Алмабаев қазір Осетияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Айта кетейік, Асу UFC турнирінде екі жекпе-жек өткізген. Өткен тамыз айында қазақстандық ямайкалық спортшы Ауди Осборнды екінші раундта ұтқан болатын. Ағымдағы жылдың наурыз айында Алмабаев америкалық Си Джей Вергараны төрешілер шешімімен жеңді.