Әлем кубогында қазақстандық зілтемірші алтыншы орынға тұрақтады

Әлем кубогында қазақстандық зілтемірші алтыншы орынға тұрақтады

Қазақстандық зілтемірші Сұлтан Мейрам осы күндері Пхукет қаласында (Таиланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

109 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы 340 келі (150+190) нәтижемен алтыншы орынға тұрақтады. Жұлқа көтеруде Сұлтан 155 келіні бағындырса, серпе көтеруде мәлімделген 195 келіні көтере алмады.

Алтын медальді 416 келі (189+227) нәтиже көрсеткен өзбекстандық ауыр атлет Акбар Джураев жеңіп алды.

Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер әлі Париж Олимпиадасына лицензия ұтып алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или