русский язык
ММА

Бір қолы жоқ файтер алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті: Джейк Пикок туралы не білеміз

Бір қолы жоқ файтер алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті: Джейк Пикок туралы не білеміз
news-banner7
mobile-news-top

30 жастағы ұлыбританиялық спортшының қолының білектен төменгі бөлігі туғанынан жоқ. Оған қарамастан Джейк кикбоксингта 14 жекпе-жек өткізген, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Джейк Пикок 5 сәуірде муай-тай ережесі бойынша алғашқы кәсіпқой жекпе-жегін өткізді. Оның қарыласы – жапониялық спортшы Кохей Синдзе. One Championship промоушенінің кезекті турнирінде болған ерекше кездесуде бір қолы жоқ Джейк қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Пикоктың әкесі – «Челси» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Гэвин Пикок. Ол 1990-1993 жылдары «Ньюкасл» командасы сапында 105 матч, ал 1993-1996 жылдары лондондық "Челси" сапында 103 ойын өткізген.

Ұлыбританиялық файтер Джейктың аралас жекпе-жектегі рекорды 13-1. Пикок 11 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен жеңген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;