русский язык
ММА

Александр Волкановскидің келесі қарсыласы мен жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды

Александр Волкановскидің келесі қарсыласы мен жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды

17 тамызда Пертте (Австралия) өтетін UFC 305 турнирінде жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы аустралиялық Алекс Волкановски октагонға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tofight.ru сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Волкановскидің қарсыласы жеңіліп көрмеген ресейлік файтер Мовсар Евлоев болады. Қазіргі уақытта Волкановски екі рет мерзімінен бұрын жеңіліп, жартылай жеңіл салмақтағы рейтингте бірінші орында тұр.

Мовсар Евлоевқа келетін болсақ, ол рейтингте бесінші орында және қатарынан сегіз жеңіске жетті. Дегенмен, Дана Уайт Мовсардың стиліне тәнті емес, себебі ол барлық жекпе-жектерді төрешілер шешіміне жеткізетінін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;