русский язык
Хоккей

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Андоррада өтіп жатқан IIA дивизионындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші ойында Александр Тебеньковтың шәкірттері Қытайдың Тайбэй командасын 3:0 есебімен ұтты.

Шайба соққандар: Анастасия Оразбаева, Екатерина Куценко және Александра Шегай.

Айта кетейік, команданы Исландия, Бельгия және Испаниямен де кездесулер күтіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;