Қазақстандық таэквондошылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
![Қазақстандық таэквондошылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201736_8b4dd99cfae290c1b134a1b351c0b4fd.png?v=28661229)
Қазақстандық таэквондошылар Испанияда өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты qaz_olympics-ке сілтеме жасап.
«Ла Нусия қаласында (Испания) G1 Spain Open турнирі аяқталды.
Ересектер арасында 3 жерлесіміз жеңіс тұғырына көтерілді.
1 орын. Әзірет Дүйсенбек (54 келі)
2 орын. Абдурахмон Марипов (74 келі)
3-орын. Жавовирхон Исламов (58 келі)
Айта кетейік, ересектер арасындағы жарысқа Қазақстаннан 25 спортшы қатысты», - делінген хабарламада.