русский язык
ММА

UFC Vegas 90 салмақ өлшеу нәтижелері

UFC Vegas 90 салмақ өлшеу нәтижелері

Лас-Вегаста сәуірдің 6-нан 7-не қараған түні өтетін UFC Vegas 90 турниріне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты кездесуінде Брендан Аллен мен Крис Кертис өнер көрсетеді. Файтерлер таразыда 84,36 келіні көрсетті. Айта кетейік, файтерлер арасындағы алғашқы жекпе-жек 2021 жылдың желтоқсан айында өткен, кездесуде Кертис екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Кештің негізгі жекпе-жегінде Александр Эрнандес пен Дэймон Джексон кездеседі. Джексонның салмағы 66,22 келі, Эрнандес жеңіл салмақ шегіне жете алмағандықтан, қарсыласына гонорардың 20 пайызы көлемінде айыппұл төлейтін болды, - 68,03 келі.

Айта кетейік, Синтиа Калвилло әйелдер арасындағы ең төменгі салмақ санатындағы шекті орындай алмады. Оның Пиера Родригеспен жекпе-жегі тоқтатылды.

UFC Vegas 90 салмақ өлшеу нәтижелері:

Басты кард

Кештің басы жекпе-жегі, орта салмақ: Брендан Аллен (84,36 кг) — Крис Кертис (84,36 кг)

Жартылай жеңіл салмақ: Александр Эрнандес (68,03 кг) — Дэймон Джексон (66,22 кг)

Жартылай жеңіл салмақ: Морган Чаррье (65,77 кг) — Чепе Марискал (65,99 кг)

Жеңіл салмақ: Игнасио Бахамондес (70,76 кг) — Кристос Гиагос (70,76 кг)

Ауыр салмақ: Вальтер Уокер (119,74 кг) — Лукаш Бржески (107,04 кг)

Жеңіл салмақ: Тревор Пик (70,53 кг) — Чарли Кэмпбелл (70,3 кг)

Прелим

Жартылай орта салмақ: Курт МакГи (77,33 кг) — Алекс Мороно (77,56 кг)

Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Норма Дюмонт Виана (61,68 кг) — Жэрмейн Де Рандами (61,23 кг)

Жеңіл салмақ: Педро Фалькао (61,68 кг) — Виктор Хьюго (61,46 кг)

Жеңіл салмақ: Даниэль Аргуэта (61,68 кг) — Жан Мацумото (61,68 кг)

Орта салмақ: Дилан Будка (84,14 кг) — Цезар Алмейда (84,14 кг)

Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Мелисса Муллинс (62,59 кг) — Нора Корнолл (62,82 кг).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;