Хоккей

Хоккейден Қазақстан құрамасының А тобындағы қарсыластары анықталды

Хоккейден Қазақстан құрамасының А тобындағы қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Андорраның Канильо қаласында 7-13 сәуір аралығында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизиондағы матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, А тобында Қазақстанмен қатар Испания, Мексика, Қытайдың Тайбэйі, Исландия, Бельгия құрамасы бақ сынайды.

Алғашқы турда Ұлттық құрама Мексикамен (Астана уақытымен 16:00-де) ойнайды. Одан кейінгі матчтар кестесі мынадай:

8 сәуір

Қазақстан – Қытайдың Тайбэйі (Астана уақытымен 16:00)

10 сәуір

Қазақстан – Исландия (Астана уақытымен 16:00)

11 сәуір

Бельгия – Қазақстан (Астана уақытымен 19:30)

13 сәуір

Испания – Қазақстан (Астана уақытымен 23:00)

Ұлттық құрама тізімі:

Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Юлия Буторина, Арина Щёколова, Аида Олжабаева, Анастасия Дубровская, Надежда Филимонова, Полина Говтва, Алина Иванченко, Татьяна Королёва, Екатерина Куценко, Катрин Мескини, Анастасия Оразбаева, Анна Пяткова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Александра Щегай, Лариса Свиридова, Мадина Тұрсынова, Карина Фельзинк, Александра Воронова;

Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы 1996 жылдан бері халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып келе жатыр. Осы аралықта қысқы Азия ойындарында 3 мәрте чемпион атанса, тағы 3 рет қола жүлдеге ие болған. Ал 2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласындағы ақ Олимпиадада бақ сынап, 8-сатыдан көрінген.

Ұлттық құрама әлем чемпионатының І дивизионында 2004, 2008 жылы топ жарған. Жоғарғы дивизионға 5 рет жолдама алып, ондағы ең жақсы көрсеткіші 6-орын болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер