Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының А тобындағы қарсыластары анықталды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының А тобындағы қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Андорраның Канильо қаласында 7-13 сәуір аралығында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизиондағы матчтары өтеді.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, А тобында Қазақстанмен қатар Испания, Мексика, Қытайдың Тайбэйі, Исландия, Бельгия құрамасы бақ сынайды.

Алғашқы турда Ұлттық құрама Мексикамен (Астана уақытымен 16:00-де) ойнайды. Одан кейінгі матчтар кестесі мынадай:

8 сәуір

Қазақстан – Қытайдың Тайбэйі (Астана уақытымен 16:00)

10 сәуір

Қазақстан – Исландия (Астана уақытымен 16:00)

11 сәуір

Бельгия – Қазақстан (Астана уақытымен 19:30)

13 сәуір

Испания – Қазақстан (Астана уақытымен 23:00)

Ұлттық құрама тізімі:

Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Юлия Буторина, Арина Щёколова, Аида Олжабаева, Анастасия Дубровская, Надежда Филимонова, Полина Говтва, Алина Иванченко, Татьяна Королёва, Екатерина Куценко, Катрин Мескини, Анастасия Оразбаева, Анна Пяткова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Александра Щегай, Лариса Свиридова, Мадина Тұрсынова, Карина Фельзинк, Александра Воронова;

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер