«Осындай сөздерің үшін айырамын». Қазақстандық чемпион өзбек файтеріне жауап берді
OCTAGON лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы Сүндет Айтқұл (7-1) өзбекстандық үміткер Сухроббек Атажановтың (6-1) даулы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Осындай сөздерің үшін айырамын! Ақымақ, не айтып жатсың? Менің және өз қарсыластарыңның рейтингіне қара, оңай қарсыластар сенде болды. Мен саған Двалишвили емеспін, соққымнан кейін күресе де алмай қаласың. Саған маусым айында титул үшін жекпе-жек өткізу ұсынылды, бапкерің бас тартты. Аузыңды жап та, келісімшартқа қол қой», – деді аса жеңіл салмақ чемпионы.
Айта кетейік, Атажанов бұған дейін қазақстандықты мазақ қылған еді.
Айта кетейік, 19 сәуірде Алматыда OCTAGON 57 турнирі өтеді, басты жекпежекте Сүндет Айтқұл рейтингілік жекпе-жекте қытайлық Цинхэ Чжанмен (12-6) күш сынасады.
OCTAGON 57 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі