Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер ONE FC лигасымен келісімшарт жасасты

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер ONE FC лигасымен келісімшарт жасасты

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Самат Мамедов (10-0) топ ММА лигасымен келісімшарт отырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық файтер ONE FC промоушенінде өнер көрсетеді, mmajunkie.usatoday.com сайтының ақпараты бойынша файтер онымен бір күн бұрын ресми түрде келісімшарт жасасқан. Келісімшарттың басқа мәліметтері әлі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Мамедовтың карьерасындағы кейінгі жетістіктері қазақстандық OCTAGON лигасымен байланысты. Кейінгі жекпе-жегінде спортшы бұрынғы UFC файтері Уилл Чопты (42-21) жеңген болатын. Жалпы Мамедов кәсіпқойлар арасында өткізген 10 жекпе-жектің 9-ын мерзімінен бұрын аяқтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или