Қазақстанның ММА рейтингіндегі орны айтылды
![Қазақстанның ММА рейтингіндегі орны айтылды](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/472_8a6b9dd41346b0e7de6cc1be4a26348a.jpg?v=28700623)
MMA-Oracle.com сайты кәсіпқой аралас жекпе-жек бойынша мемлекеттер рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Абсолют көшбасшы – АҚШ, оларға 209 428 ұпай берілген. Екінші орында 140 091 ұпаймен Бразилия тұр. Ал үздік үштікті Ресей түйіндейді, олардың еншісінде 84 587 ұпай бар. Сонымен, ММА-дегі үздік елдер қатарына Жапония, Ұлыбритания, Канада, Польша, Украина, Франция мен Аустралия енді.
Қазақстан бұл рейтингте үздік ондыққа ене алмады, қазір 15-орында тұр – 7 718 ұпай.
Кәсіпқой ММА-дегі топ-10 ел:
1. АҚШ — 209 428
2. Бразилия — 140 091
3. Ресей — 84 587
4. Жапония — 50 129
5. Ұлыбритания — 27 881
6. Канада — 21 274
7. Польша — 19 843
8. Украина — 16 211
9. Франция — 14 023
10. Аустралия — 10 213
...
15. Қазақстан — 7 718.