русский язык
Командалық

Майкл Джордонның рекорды жаңарды

Майкл Джордонның рекорды жаңарды

«Лос-Анджелес Лейкерс» баскетбол клубының ойыншысы Леброн Джеймс «30+» ұпаймен NBA рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның 30 немесе одан да көп ұпай жинаған ойындар саны 672-ге жетті. Бұған дейін бұл рекордқа ұзақ бойы «Чикаго Буллз» командасының аты аңызға айналған бұрынғы қорғаушысы Майкл Джордан «иелік» еткен еді.

Леброн Джеймс «Бруклин Нетс» командасымен болған кездесуде 40 ұпай жинап, рекордқа өзгеріс енгізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;