OCTAGON лигасы Қазақстанда UFC ұйымымен ынтымақтастық туралы хабарлады
Еуразиялық жекпе-жек лигасы UFC GYM Kazakhstan әлемдік фитнес-желісімен серіктестік орнатқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz
OCTAGON лигасы мен UFC GYM Kazakhstan Instagram желісінде бірлесіп пост жарияланды.
«Біз @ufcgymkz x @octagonleague серіктестігі туралы мақтанышпен хабарлаймыз.
Үздік фитнес желі мен үздік жекпе-жек промоушені сіздің жаттығу деңгейіңізді көтеру үшін бірлесіп жұмыс істейді!
Алда талай қызықтар күтіп тұр!» – делінген хабарламада.
Еске салайық, әлемге танымал фитнес-клубтар желісі 2024 жылдың жазына жоспарланған Алматы қаласында Қазақстандағы өкілдігінің ашылатыны туралы хабарлаған болатын. Қазір 12 және 6 айға тиімді ұсыныс бойынша жазылымдарды сатып ала алуға болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или