Командалық

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Павлодар» алтын үшін таласта «Таразды» тізе бүктірді

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Павлодар» алтын үшін таласта «Таразды» тізе бүктірді
news-banner7
mobile-news-top

Павлодар қаласында волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында шешуші бәсекелер өтіп жатыр.

Былтырғы ел чемпионы «Павлодар» мен «Тараз» командалары алғашқы финалдық кездесуін өткізді.

Бұл ойында тараздықтар соңғы сәтте ғана тайталаса алды. Есеп — 3:0 (25:16, 25:18, 27:25), алаң иелерінің пайдасында.

Енді Игорь Никольченко шәкірттері бір рет жеңсе, чемпион атанады.

Қола жүлде үшін бәсекеде «Есіл» (СҚО) «Атыраудан» айласын асырды — 3:0 (25:23, 25:17, 25:23).

Бесінші орын үшін айқаста «Жайық» (Орал) «Жетісу жастарын» қапы қалдырды — 3:0 (25:22, 25:12, 25:18).

Жетінші саты үшін алаңға шыққан ақтөбеліктер «Буревестникті» (Алматы) жеңді — 3:1 (22:25, 25:20, 25:19, 25:19).

Ертең, сенбі күні командалар екінші кездесуін өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер