русский язык
Хоккей

«Айсұлу» командасы Қазақстан чемпионы атанды

«Айсұлу» командасы Қазақстан чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Айсұлу» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды. Оңтүстік астана намысын қорғайтын ұжым өз тарихында 18-мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Ал астаналық «Томирис» биылғы маусымда чемпион командаға лайықты қарсылық көрсетті. Нәтижесінде екінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, құрамында тек жергілікті өскемендік қыздар жинақталған «Торпедо» клубы үздік үштікті түйіндеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысының финалы мен үшінші орын сайыста қай командалардың сынға түсетіні белгілі болды.

Биыл бас жүлдені Көкшетаудың «Арлан» және астаналық «Номад» клубтары сарапқа салады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;