Бакудегі турнир: Сағындық Тоғамбай финалға жолдама алды

Бакудегі турнир: Сағындық Тоғамбай финалға жолдама алды

Бокстан Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінде қазақстандық Сағындық Тоғамбай финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол жартылай финалда ресейлік Рамазан Ханалиевті төрешілердің бірауыз шешімімен ұтты.

Енді Сағындық финалда Әзербайжан азаматтығын алған кубалық боксшы, Олимпиада жүлдегері әрі әлем чемпионы Альфонсо Лорен Домингеспен кездеседі.

86 келідегі Бекзат Таңатар жартылай финалда жергілікті боксшыға есе жіберіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Ал 67 келіде бақ сынаған Бақтияр Смағұлов өзбекстандыққ Шавкатжон Болтаевқа есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или