Грузия Еуропа чемпионатына жолдама алды

Грузия Еуропа чемпионатына жолдама алды

Бүгін, 26 наурызда Грузия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің финалдық ойынында өз стадионында Грекия құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Тбилисидегі «Динамо Арена» стадионында өтіп, пенальти сериясында Грузияның жеңісімен (4:2) аяқталды. 

Осылайша Грузия Еуро-2024 финалдық кезеңіне шықты, онда Португалия, Чехия және Түркиямен бір топта өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионаты осы жазда 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или