русский язык
Командалық

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Павлодар» мен «Тараз» жартылай финалда жеңіске жетті

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Павлодар» мен «Тараз» жартылай финалда жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Павлодар қаласында волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында жүлделі орындар үшін бәсеке басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бірінші жартылай финалда «Тараз» бен «Атырау» командалары сынға түсті.

Алғашқы екі партияда атыраулықтар басымдылық танытты — 25:20, 28:26.

Бұдан кейін тараздықтар камбэк жасай білді — 26:24, 25:19, 15:9. Жалпы есеп — 3:2, «Тараздың» пайдасында.

Өткен жылғы ел чемпионы «Павлодар» өз алаңында «Есілдің» (СҚО) меселін қайырды — 3:1 (28:30, 25:19, 25:18, 25:20).

Жартылай финалда екі жеңіске жеткен команда соңғы бәсекеге жолдама алып, чемпиондық атақ үшін таласады.

Қалған командалар 5-8 орындар үшін сынға түсуде. Мұнда «Жайық» «Ақтөбені» тізе бүктірді — 3:1 (25:27, 25:22, 25:22, 25:14).

«Буревестник» тартысты матчта «Жетісу жастарын» ұтты — 3:2 (25:17, 19:25, 18:25, 25:22, 15:13).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;