русский язык
Командалық

«Тұран» өз тарихында тұңғыш рет волейболдан ел чемпионы атанды

«Тұран» өз тарихында тұңғыш рет волейболдан ел чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Түркістан қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы анықталды.Чемпиондық атақ үшін таласта «Тұран» (Түркістан) мен «Берел» (ШҚО) командалары екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Казинформ-ға сілтеме жасап.

Кеше Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын түркістандықтар 3:1 есебімен басым түсіп, алтынға бір қадам жақындай түскен еді.

Бүгін командалардың бастапқы құрамында өзгеріс бола қойған жоқ. «Тұранда» Сана Анарқұлова, Майра Колдина, Жанна Сыроешкина, қытайлық Сунь Сяосюань, ресейлік Елена Самойленко, сербиялық байланыстырушы Анжела Веселинович, либеро Сандуғаш Асанова алаңға шықты.

Орал волейболының түлегі, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны С. Анарқұлова осыған дейін Өскеменнің «Алтайы» сапында әлденеше рет ел чемпионы атанған еді. Бұл жолы ол жаңа командасында жасындай жарқылдады.

волейболФото: Қазақстан волейбол федерациясы

«Берелдің» бас бапкері Ришат Гилязутдинов мына ойыншыларға сенім артты: Кристина Аниконова, Светлана Николаева, Бота Уатаева, ресейлік Ирина Малькова, сербиялықтар Сара Сакрадзия, байланыстырушы Александра Чирович, либеро Мәдина Бекет.

Бірінші партияда түркістандықтар 10:14 есебімен жеңіліп жатыр еді.

Осы кезде допты ойынға қосқан Сана Анарқұлованың шеберлігі арқасында «Тұран» таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға шықты — 15:14.

волейболФото: Қазақстан волейбол федерациясы

Сет соңына таман Жанна Сыроешкина да доп беруде шеберлік танытты. Ал нүктені Сана қойды — 25:23.

Екінші партияда «Тұран» айқын басымдылықпен жеңді — 25:14. Р.Гилязутдинов байланыстырушы Елизавета Мейстерді, Орал волейболының тағы бір түлегі Зарина Ситқазинованы қосып көргенімен, одан ештеңе өне қойған жоқ.

Үшінші сетте түркістандықтар 16:8 есебімен алға кетті. Ақыры қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ — 25:11.

волейболФото: Қазақстан волейбол федерациясы

Өскеменнің «Берелі» күміс жүлдені қанағат тұтты. Қола жүлдегер ертең белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;