Александр Емельяненкоға жаңа қарсылас? Атақты файтер мәлімдеме жасады

Александр Емельяненкоға жаңа қарсылас? Атақты файтер мәлімдеме жасады

Файтер Джефф Монсон «Матч ТВ» арнасына Александр Емельяненко мен Вячеслав Дацик арасындағы реванштың жеңімпазымен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұма күні Емельяненко мен Дацик арасындағы реванш 12 сәуірде Мәскеуде өтеді және Ural FC 7 турнирінің басты жекпе-жегі болатыны хабарланды. Жекпе-жек форматы - ММА қолғаптарымен бокс, 2 минуттан 5 раунд. 2022 жылдың қыркүйегінде Дацик бокс кешінде Емельяненконы 13 секундта нокаутқа түсірген еді.

«Александр Емельяненко мен Вячеслав Дацик арасындағы жекпе-жек туралы не ойлаймын... Бір нәрсе айта аламын – мен осы текетірестің жеңімпазымен жұдырықтасқым келеді», - деді Монсон.

53 жастағы Монсон ММА-де 60 жеңіске жетіп, 26 рет жеңіліп қалған, оның бір жекпе-жегі тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или