«Алдымен мықтылығыңды дәлелде». Еркебұлан Тоқтар өзбек файтеріне жауап берді
Танымал қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (7-3) жақында OCTAGON лигасымен келісімшартқа отырған өзбекстандық медиа-файтер Мансурбек Атаджоновтың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мұндай ақылды адамдар қайдан шығады? Ол бір жекпе-жек өткізіп, танымал болып кетуді ойлайды. Бұрынғыдай оңай хайп қуатын кез келмеске кетті. Арнұр да, мен де сенімен жекпе-жекке шықпаймыз. Алдымен бірнеше кездесу өткізіп, атыңды шығар. Сенімен кездесу бізге ештеңе бермейді. Хайп қуғың келсе – ақы төле. Біз үшін қызық болған кезде ғана, сенімен күш сынасамыз. Шапалақ жеу үшін де өзіңнің соған лайық екеніңді дәлелдеуің керек», - деді Тоқтар.
Айта кетейік, бұған дейін өзбек спортшысы Арнұр мен Еркебұлан әлсіз файтер екенін айтып, оларды жекпе-жекке шақырған. Оның мәлімдемесін мына видеодан көруге болады:
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі