ММА

Шетелдік маман Алмабаевтың UFC-дегі мүмкіндігін жоғары бағалады

Шетелдік маман Алмабаевтың UFC-дегі мүмкіндігін жоғары бағалады
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық Relevo басылымының журналисі Альваро Каррера Prosports.kz сайтына қазақстандық Асу Алмабаевты UFC-дегі екінші жеңісі туралы ойын айтты.

«Оның әлеуеті зор екенін бұған дейін айтқан едім, бұл кездесуде ол Вергарадан мықты болды. Асу америкалықпен салыстырғанда өз деңгейін көрсетті деп ойлаймын.

Жақында оның жаңа мүмкіндіктері болады деп үміттенемін. Ең жеңіл салмақта жаңа есімдер жиі шыға бермейді, онда мықты файтерлер бір-бірімен бірнеше рет кездеседі. Алмабаев UFC үшін өте тиімді болуы мүмкін, сондықтан менің ойымша, тағы бір-екі жеңістен кейін Асу Топ 15-ке кіретін спортшымен кездесуі мүмкін. Оның дивизиондағы үздіктердің бірі болуға мүмкіндігі бар. Бірақ бұл файтердің үздік спортшылармен күш сынасқанын көрген жоқпыз, бірақ оған үлкен үміт артуға болады», - деді сарапшы.

Айта кетейік, Қазақстан уақыты бойынша 10 наурыз күні таңертең Алмабаев (19-2) Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергарады (12-5-1) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер