Қазақстандық файтер Алмабаев - Вергара жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Қазақстандық файтер Алмабаев - Вергара жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Қазақстандық ММА файтері Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарды сабмишн әдісімен жеңеді, деп айтты Legalbet.kz сайтына файтер Әли Қабдолла (9-2-1), деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, Асу сабмишн әдісімен мерзімінен бұрын жеңіске жетеді. Бұл, әрине, UFC - мұндағы барлық қарсыластар қауіпті. Бірақ Асу жеңіске жету үшін бәрін жасайды деп ойлаймын», - деді Қабдолла.

Алмабаев (18-2) — Вергара (12-4-1) жекпе-жегі 10 наурызда Майамидегі UFC 299 турнирінде өтеді.

2023 жылы 5 тамызда Алмабаев UFC-дегі дебютінде ямайкалық Оде Осборнды жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или