Екі чемпиондық жекпе-жек пен Тоқтардың мега-реваншы! Еуразиялық лиганың үлкен турнирі

Екі чемпиондық жекпе-жек пен Тоқтардың мега-реваншы! Еуразиялық лиганың үлкен турнирі

10 наурызда аралас жекпе-жек фанаттарын әсерлі кеш - OCTAGON 56 күтіп тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыдағы көлімді шоуда 13 жекпе-жек өтеді, оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Ресейдің файтерлері қатысады.

Ивенттің бастапқы кардында жеңіл салмақта жеңілмеген екі проспект - өзбекстандық Шахзод Шухратхужаев (2-0) пен қазақстандық Абылай Мақсұттың (2-0) жекпе-жегі өтеді, бұл сол кеште екі ел өкілдері арасындағы көптеген текетірестің бірі болмақ.

Турнирінде әйелдер арасындағы жалғыз жекпе-жекте жеңіл салмақтағы Қазақстан өкілі Антонина Котляревская (3-0) өзбекстандық Угила Насимовамен (3-5) кездеседі. 

Жеңіліс көрмеген қазақ файтері Нұржігіт Баймен (6-0-1) мен Қырғызстан өкілі Қалысбек Саидибрагим (3-3) бастапқы кардты жабады.

Ивенттің мейн-кардын қазақстандық файтер Асқар Жақсылықов (4-1) ашады, оның қарсыласы жеңіл салмақтағы титулға бұрынғы үміткер «Ворух гангстер» Шерзод Ибодиллоев (6-2) болады. Танымал тәжікстандық файтерге алдағы жекпе-жек әзербайжандық Роял Лейлизадемен (6-1) өткен жекпе-жектегі өкінішті жеңілісінің орнын толтыруға, ал Жақсылықовқа дивизионның жоғарғы сатысына сенімді түрде көтерілуге тамаша мүмкіндік болып тұр.

Көрермендерді қуанту үшін жеңіл салмақта жергілікті проспект Саят Әбдуәли (4-0) шығады, оның қарсыласы 23 жастағы қырғызстандық Құлмұрат Орозов (7-7) болады. Кәсіпқойдағы барлық жекпе-жегінде қазақстандық файтер мерзімінен бұрын жеңіп жүр. Ал енді тәжірибелі Орозовпен күш сынасады.

Ресейлік файтерлер – жартылай орта салмақтағы титулға экс-кандидат Ричард Тотров (12-7) пен чемпиондық белбеуге жиі таласатын Хамзат Чапанов (13-3) арасындағы жекпе-жек қызыққа толы болмақ. 2021 жылдың қазанында Чапанов өзінің кейінгі жекпе-жегіне ұшыраған, сол кезде Ричард Тотровқа жол берген еді. Демек, 26 жастағы файтер бұл кездесуге ерекше жігермен шықпақ.

Бұл ивентте жанкүйерлер ең қатты күтіп жүрген текетірес өтеді. Танымал қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (6-3) өзбек спортшысы Одилхон Камоловпен (4-2) мега-реванш өткізеді. 2022 жылдың жазындағы сәтсіз жеңілісінен кейін Тоқтар 10 наурызда кек алуға ниетті. Екі жекпе-жек арасындағы бір жарым жылға жуық уақыт ішінде қарсыластар бір-біріне бірнеше рет үн қатты, енді сол сөздеріне жауап беретін сәт жетті.

Кештің бірінші титулдық жекпе-жегінде ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы анықталады, белбеу үшін «уақытша» титул иегері өзбекстандық Достон Бозоров (9-1) пен қазақстандық Нұрбек Тәжібаев (6-2) күш сынасады. Екі қарсылас үшін де алдағы кездесу өздерінің чемпиондық амбицияларын дәлелдеуге және жанкүйерлерін қуантуға тамаша мүмкіндік. Бозоров қатарынан 9 кездесуде жеңіп келе жатыр және оның мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің бірінде қателіктерге жол бермеуге барын салады. Тәжібаев үшін бұл жекпе-жек бұрынғы титул иегері Мәжит Сардаровқа (6-0) қарсы сәтсіздіктен кейін титулға жетудің екінші мүмкіндігі болмақ.

Мейн-ивентте жеңіліс көрмеген орта салмақтағы қазақстандық «Дәрігер» Керім Даидов (9-0) титулға үміткер және «уақытша» белбеу иегері өзбекстандық Ислом Болтаевпен (4) кездесіп, өз белбеуін алғаш рет қорғайды.

Даидов қатарынан бес жекпе-жекте қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, бірақ енді қазақстандық чемпионның жеңіс сериясын бұзуды көздеген Ислом Болтаевқа қарсы тұруы керек.

Турнирдің тікелей трансляциясы 10 наурызда 17:00-де басталады, оны OCTAGON TV youtube-арнасынан көруге болады.

OCTAGON 56 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып ала аласыздар

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или