Қазақстандық файтер OCTAGON 56-да титулдық жекпе-жекті сақтандыратын болады
OCTAGON промоушені 56 турниріндегі орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекті сақтандыратын файтердің есімін ресми түрде жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл қазақстандық Мурад Абдурахманов (9-2). Айта кетейік, Абдурахманов ММА бойынша әуесқой әлем чемпионы, оның финалында қазір UFC титулына үміткер ресейлік Магомед Анкалаевты жеңген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда Алматыда орта салмақтағы титул үшін жекпе-жек қазіргі Қазақстан чемпионы Керім Дайдов (9-0) мен өзбек спортшысы Ислом Болтаев (4-2) арасында өтеді.
Айта кетейік, кештің ең көп күткен жекпе-жектерінің бірі – қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбек спортшысы Одилхон Камолов (3-2) арасындағы реванш болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или