Қазақстандық файтер қыз UFC-мен келісімшарты туралы тосын мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер қыз UFC-мен келісімшарты туралы тосын мәлімдеме жасады

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова әлеуметтік желідегі парақшасында промоушеннен жаңа келісімшарт күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық файтер Instagram Stories-ке жаттығу барысында түскен суретін жариялады.

«Жаңа келісімшартты күтудемін. UFC, кеттік», – деп жазды Мария Агапова.

Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Оның қарсыласы канадалық Джиллиан Андерсон 2 раундта Агапованы тұншықтыру әдісімен жеңіп кеткен еді. Содан бері Агапова UFC октагонына шықпады.

Ол өткен жылы қазан айында оралуы мүмкін еді, бірақ Марияның виза мәселесіне байланысты Монтана-Ла Россаға қарсы жекпе-жек өтпей қалды.

Еске салайық, Мария Агапова UFC промоушенінде бес жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде қарсыласынан басым түссе, үш кездесуде жеңілді. Осыған дейін Мария Агапова жақында октагонға оралатынын мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или