Ауыр нокдаун. Танымал сарапшы Алмахан мен Нурмагомедов жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Спорт сарапшысы, спорт шебері Айдар Махметов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның (11-2) Умара Нурмагомедовке (17-0) қарсы жекпе-жегі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бекзат Алмахан ең үздік лигадағы дебютінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, 100% барын салды. Ол өзі айтқанын орындады: Алмахан Умарды нокдаунға жіберуі мүмкін екенін айтқан еді. Айтты – орындады: бұл Нурмагомедовтің кәсіпқой карьерасындағы алғашқы нокдауны болды. Нокдаунның өзі ауыр болды, себебі Нурмагомедов қалай құлағанын білмейтінін айтты», – деді Махметов.
Еске салайық, Нурмагомедов Алмаханды төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или