Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына баратын қазақстандық спортшылар анықталды
7-10 наурыз аралығында Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден спринт пен көпсайыстан өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы анықталды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылғы бәсекеде ел намысын Ақжол Нұралы, Алтай Жәрдембекұлы, Екатерина Айдова, Алина Дауранова, әпкелі-сіңлілі Инесса және Кристина Шумековалар қорғайды. Олар келесі қашықтықта сынға түседі:
Ақжол Нұралы – (көпсайыс) 1-күні 500-3 000 м, 2-күні 1 500-5 000 метр.
Алтай Жәрдембекұлы – (спринт) екі күнде 500-1 000 метр.
Екатерина Айдова – (көпсайыс) 1-күні 500-1 500 метр, 2-күні 1 000-3 000 метр.
Алина Дауранова – (спринт) екі күнде де 500-1 000 метр.
Инесса және Кристина – (спринт) екі күнде де 500-1 000 метр.
Ұлттық құраманың бас бапкері – Александр Панфилов.