OCTAGON 56 турнирінің өтетін орны белгілі болды
Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 56 нөмірлі турнирдің өтетін орнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің осыған дейін Ташкентте өтеді деп жоспарланғанмен, 10 наурыздағы турнирді Алматы қабылдайтын болды.
Жарыстың басты кездесуінде жеңілмеген қазақстандық Керім Даидов (9-0) орта салмақтағы чемпиондық атағын өзбекстандық қарсыласы Ислом Болтаевке (4-2) қарсы жекпе-жекте қорғайды.
Сондай-ақ, жеңіл салмақта титулдың уақытша иегері өзбекстандық Достон Бозоров (9-1) мен қазақстандық Нұрбек Тәжібаев (6-2) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін таласады.
Және алдағы шара аясында қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (4-2) арасында көптен күткен реванш кездесуі өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или