«Астана» бас бапкерсіз қалды

«Астана» бас бапкерсіз қалды

Олег Киселев «Астананың» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі astanabasket Инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Ресейлік маман елордалық клубты 2022 жылдың маусымында басқарған болатын.

«Олегке оның жұмысы мен біздің клубқа қосқан үлесі үшін өз алғысымды білдіргім келеді! Ол Қазақстан Кубогын Астанаға қайтарып, Батыс Азия Суперлигасының қола жүлдесін жеңіп алды және ағымдағы маусымда ВТБ Бірыңғай Лигасында, өткен екі маусымға қарағанда көп жеңіс әкелді. Бұл шешімді қабылдау біз үшін өте қиын болды, бірақ шындық пен плей-оффқа шығуға деген ұмтылысты ескере отырып, біз команданы серпіндіруге және оны келесі деңгейге көтеруге көмектеседі деген үмітпен өзгеріс енгізуге мәжбүрміз. Олегке еңбегі үшін алғыс айтамын және оның алдағы жұмысына сәттілік тілеймін!», - деді «Астананың» бас директоры Самсон Аракелян.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или